Еуразиялық қор Қырғызстан бюджетіне 160 млн доллар бөледі
Тұрақтылық және даму жөніндегі Еуразиялық қор Қырғызстан бюджетіне 160 млн доллар бөлуге дайын. Ақша несие ретінде беріледі.
Үкімет бұл ақшаны экономиканы дамытуға жұмсамақшы.
Парламент депутаты Дастан Бекешев несие беру жөніндегі келісімнің көшірмесін жариялады. Оған сәйкес, ақша 80 млн доллардан екіге бөлініп, 2022 және 2023 жылдары беріледі.
Үкімет бұл келісімге былтыр жеткен. Қаржы туризм саласын дамытуға, отандық өндірісті қолдауға, жеке кәсіпкерлерге несие беруге және энергия саласын қолдауға жұмсалады.
Былтыр Қырғызстан халықаралық донор ұйымдарынан 450 млн доллар көлемінде ақша алған.
newstaraz.kz