Еуроодақ саяхатты қайта жандандыру үшін COVID-төлқұжатын енгізу жөнінде келісті
уропалық одақтың тұрақты өкілдері Еуропарламентпен жасыл сандық сертификат енгізуді талқылау жөнінде келісімге келді.
Бұл құжат COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алған, емделіп, сауығып шыққан азматтарға еркін саяхат жасауға мүмкіндік береді деп хабарланған ЕО кеңесінің ресми сайтында.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жазға қарай туристік маусымға дайындалудың алғы шарты.
Сертификаттың құқықтық базасы екі бөлімнен тұрады. Оның бірі Еуроодақ азаматтары мен олардың отбасына қатысты, екіншісі заңдық негізде Еуропа елдерінде тұрып жатқан үшінші елдің азаматтарына қатысты болмақ.
«Қазіргі эпидемиологиялық жағдай әлі күрделі. Бірақ болашаққа қарап, бізге бір шешім шығаруы керек. Жасыл сандық сертификат азаматтардың қауіпсіз жүріп-тұруына арналған. Бұл елдердің экономикасын қалпына келтіру үшін өте маңызды», — деді Португалия премьер-министрі Антониу Кошта.
Бұл құжат қабылданса, Еуроодақтың барлық елдеріне жарамды болмақ. Ол биыл жазға қарай әзірленеді деп күтіледі.
newstaraz.kz