Еуропа елдері Украинаның болашақта Еуроодаққа қосылуын қолдады
Еуропа елдері Версальда өткен саммитте Украинаның Еуроодаққа қосылуын қолдады. Литва президенті Гитанас Науседа твиттерде осылай деп жазды.
A historic night at Versailles. After five hours of heated discussions EU leaders said yes to Ukrainian eurointegration. The process started. Now it is up to us and Ukrainians to accomplish it fast. Heroic Ukrainian nation deserves to know that they are welcome in EU.
— Gitanas Nausėda (@GitanasNauseda) March 11, 2022
Оның айтуынша, бес сағатқа созылған пікір-таластан соң украин еуроинтеграциясына «иә» деп жауап берілді. «Процесс басталды. Оны тез жүзеге асыру енді украиндардың қолында. Украин халқын ЕО өз құрамында көргісі келеді», – деп жазды Науседа.
Еуроодақтың Версальдағы бейресми саммитінің мәлімдемесі жұмаға қараған түні жарияланды. Онда Еурокомиссия Украинаның Еуроодаққа кіру жөніндегі өтініші жөнінде қорытынды беруі тиіс екені, оған дейін Киевпен әріптестік қарым-қатынас нығая беретіні айтылған. «Украина біздің еуропалық қауымға жатады», — делінген мәлімдемеде.
Еурокомиссия бағасы ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, дейді Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте. «ЕО-ға қосылудың жылдам жолы жоқ. Ол бар болса, ұйымға кіруді ұзақ күткен Черногория, Сербия, Албания және Солтүстік Македонияға әділетсіздік жасаған болар едік», – деп мәлімдеді ол.
28 ақпанда Владимир Зеленский Украинаның Еуропа одағына кіруіне арыз тапсырды. Киев құжат көшірмесін Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельге, Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйенге, сонымен бірге Еуропарламент басшысы Роберта Метсолаға жолдады.
newstaraz.kz