Новости на Newstaraz.

Ферғанада мас науқасқа электрошокер қолданған дәрігер жұмыстан уақытша шеттетілді (видео)

newstaraz.kz

Ферғана облысының прокуратурасы мас науқасқа электрошокер қолданған дәрігерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

13 наурызда әлеуметтік желілерде Ферғана облысындағы наркология диспансері дәрігерінің науқасты электрошокермен қинағаны бейнеленген видео тарады.
Электрошокер қолданған фельдшер жұмыстан уақытша шеттетілген.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ қалаттағы дәрігер ер азаматты үш мәрте электрошокермен ұрғанын көруге болады. Видеода науқастың қасындағыларға тиіспеген, тыныш қана отырған.
Ферғана облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 13 наурызда кешке облыстық наркология диспансерінде болған.
– Оқиға сенбінің кешінде болған. Милиция қызметкері мас жігітті ұстап, оны айықтыру мекемесіне жеткізген. Наркодиспансер қызметкері оны бірнеше мәрте электрошокермен ұрған. Мас жігітті ертіп келген адам оны видеоға түсіріп, блогерлерге берген. Видео әлеуметтік желілерде тарады. Жанжал төрт күннен бері басылар емес. Дегенмен мас жігіт ертесіне диспансерге келіп, мекеме қызметкерлеріне шағымы жоқ екенін жазған. Істі Ферғана облыстық прокуратурасы тексеріп жатыр, – деді денсаулық сақтау басқармасының қызметкері.

Осы диспансерде емделген адамдар блогерлерге бұл мекемеде бұрыннан науқастарға қарсы электрошокер қолданатынын айтқан.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »