Новости на Newstaraz.

FIDH ұйымы қырғыз билігін құқық қорғаушыларға қарсы қуғынды тоқтатуға шақырды

newstaraz.kz

«Адам құқықтары бойынша халықаралық федерация» ұйымы Қырғызстан билігін төрт құқық қорғаушыға қарсы қуғынның барлық түрін тез арада тоқтатуға шақырды.

Ұйымның ресми сайтында 25 наурызда жарияланған мәлімдемеде құқық қорғаушылар Азиза Абдирасулова, Динара Ошурахунова, Өндүрүш Токтонасыров және олардың адвокаты Нурбек Токтакунов заңды қызметін тосқауылсыз және қуғынсыз жүргізуге құқықты екені айтылған.

1922 жылы құрылған «Адам құқықтары бойынша халықаралық федерация» ұйымына жүзден астам елдің екі жүзге жуық құқық қорғау ұйымы мүше.

Биыл 5 наурызда Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында азаматтық белсенділер Ресейдің Украинаға соғыс ашуына қарсы акция өткізген. Сол жерде белсенді Мирлан Асакеевті милиция ұстап, 3 мың сом айыппұл салған.

7 наурызда тура сол жерде Ресейді қолдаған акция өткен. Бірақ олардың ешқайсысы қамалмады.

17 наурызда жоғарыда аталған құқық қорғаушылар Украинадағы соғысты тоқтату талабымен пикетке шыққан. Олардың бәрін милиция ұстап, сот әрқайсысына 3 мың сом көлемінде айыппұл салған.

24 наурызда Бірінші май аудандық соты құқық қорғаушылардың адвокаты Нурбек Токтакуновты судьяға тіл тигізді деген айыппен бес тәулікке қамауға алды. 28 наурызда қалалық сот аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »