Новости на Newstaraz.

«Физкульт-Ура» ашық сабағы Тараз қаласында олимпиада жүлдегері Елдос Сметовтың қатысуымен өтті (фото)

newstaraz.kz

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қамқорлығымен өтетін «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасы Қазақстанның мектептер оқушыларын еліміздің әйгілі спортшыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін ашық сабақ 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс медалінің жүлдегері дзюдошы Елдос Сметовтың қатысуымен өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша спортшы ашық сабақты өзі оқыған мектебінде өткізді. Сонымен қатар сабаққа олимпиада чемпионы, «Астана» Президенттік клубының спорт менеджері Юрий Мельниченко белсенді қатысты, ал ашық сабақтың құрметті қонағы ретінде жүзу бойынша паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина болды.

Елдос Сметов – Қазақстанның ең танымал әрі сүйікті спортшысы, Риодағы Ойындарының «күмісінен» басқа, 2015 жылдың әлем чемпионы атағының иегері. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшының жігерлілігі мен позитивті бейнесі оқыған мектептің қазіргі оқушыларына үлкен жағымды ықпал етеді.

«Физкульт-Ура» жобасының он сегізінші сабағы Тараздың №47 мектебінің бесінші сыныптың оқушыларына арналып, әлеуметтік жобаның жастар мен балаларды салауатты өмір салтына баулау басты идеясын қамтыды. Бұл мақсатты орындау үшін әйгілі спортшылар балаларға заманауи фитнес-технологияларын қызықты түрде ұсынды.

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов әлеуметтік жобаға қатысқан әріптестерінің пікірлеріне қосылды: «Бұл балаларды спортпен таныстыратын әлеуметтік жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Өзімнің туған мектебіме келгеніме, осындағы кішкентай жерлестеріме сабақ беруге мүмкіндігім барына екі есе қуанамын. Балалардың көбі дене шынықтыру сабағын ұнататынын білемін, бірақ бүгін біз ерекше ашық сабақ бердік. Біз жаңа әдістерді қолданып, жаттығуларды қызықты ойын түрінде ұсындық. Бұл жаттығулар оқушылардың көңілдерін көтеріп, дене шынықтыру – спорттың және мықты денсаулықтың негізі екенін көрсетті. Мұғалімдер үшін сабақтағы әдістер олардың жұмыс тәжірибесінде пайдалануына тиімді болады деп ойлаймын».

«Физкульт-Ура» еліміздің әртүрлі өңірлерінде өткізіледі. Бүгін біз Тараз мектебінің бесінші сыныптың оқушыларына сабақ өткіздік. Балалар жаттығуларды жігерімен істеп, бізді өте қуантты. Ашық сабаққа ата-аналар да келгенін көрдік. Мүмкін бұл сабақ еліміздің келесі чемпионын тудырады деген ойдамын», — деді олимпиада чемпионы, «Астана» Президенттік клубының спорт менеджері Юрий Мельниченко.

Тараз — «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасының сегізінші қаласы. Ол Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен қалаларында және Қостанай облысының Федоровка ауылында өтті. Әлеуметтік жобаға Ольга Рыпакова, Иван Дычко, Василий Левит, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова, Дариға Шәкімова, Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ерамахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко сияқты әйгілі спортшылар қатысты.

Әлеуметтік жобаның түпкі ойы бойынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай осы жылдың аяғына дейін жиырма бес ашық сабақ өтетін болады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Қосымша мәлімет:

Похожие статьи

«Физкульт-Ура» — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қамқорлығымен өткізілетін, балаларды және жасөспірімді дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыратын жоба.

Бүгінгі күнге дейін жобаның он төрт сабағы өтті. Жалдың аяғына дейін тағы да он бір сабақ өтетін болады.

«Samruk-Kazyna Trust» — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының компаниялар тобына кіретін әлеуметтік маңыздағы және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобаларын дайындайтын қоры.

«Астана» Президеттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасымен құрылған, халықаралық спорттық алаңда «Астана» сауда белгісін ұсынады.

«Астана» Президенттік клубы әлемдік деңгейдегі «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасын, «Астана» Футбол Клубын, «Барыс» Хоккей Клубын, ралли-рейд бойынша «Astana Motorsports» командасы мен «Astana Arlans» боксшыларын біріктіреді.

Бүгінгі күнде «World Class» Ресей және ТМД-ның 15 қаласында 22 меншікті және 17 франчайзинг арқылы ашылған Ресейдегі ең ірі фитнес-корпорациясы болып табылады. «World Class» торы фитнес саласындағы «люкс» және «премиум» сегментіндегі қызмет атқаратын көшбасшы.

Байланыс:

Телефон: +7 7172 27 94 06

+7 775 809 50 00

www.presidential-club.com

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »