Новости на Newstaraz.

FT: Credit Suisse банкіне Орталық Азиядан жаңа клиент тартуға тыйым салынды

newstaraz.kz

UBS швейцариялық банкі Credit Suisse қаржы мекемесін сатып алған соң банк қызметкерлеріне ақшаның заңсыз айналымына қатысты тәуекелі жоғары елдерден жаңа клиент тартуға тыйым салды.

Financial Times басылымының хабарлауынша, мұндай тыйым заңсыз ақшаны заңдастыру, парақорлық пен жемқорлыққа қатысты келеңсіз оқиғаларға тап болмас үшін қабылданып отыр.

Тыйымның Ауғанстан, Албания, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне қатысы бар. Тізімге барлығы 29 ел кірген.

2022 жылғы ақпанда Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) 39 елдегі журналистермен бірге зерттеу жүргізген. Олар швейцариялық Credit Suisse банкінің жарияланып кеткен құпия құжаттарына сүйенген.

Зерттеу авторларының нұсқасы бойынша, Өзбекстанның бірінші вице-премьері Ачилбай Раматовтың әйелі Рано Раматова, теннис федерациясының бұрынғы бас хатшысы Игорь Шепелев, Өзбекстанның тұңғыш президентінің кенже қызының күйеуі Тимур Тилляевтің немере әпкесі Гүлрух Тилляева және Әлішер Османовтың әпкесі Саодат Нарзиева Credit Suisse клиенті болған.

Журналистер олар осы банк арқылы күмәнді қаржы операцияларын жүргізгенін анықтаған. Сол кезде Credit Suisse мұндай айыпты жоққа шығарған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »