Новости на Newstaraz.

Гаагада Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы сот тыңдауы өтті

newstaraz.kz

Гаагадағы БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы тыңдау өтті.

Шағым түсіруші жақ Ресейді «терроризмді қаржыландырумен күрес» және «нәсілдік алалаудың кез келген түрін жою» туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзды деп айыптап отыр. Бұл жөнінде “Неміс толқыны” жазды.

Тыңдау 8, 12 және 14 маусымда жалғасады. Одан кейін сот үкімі шығады. БҰҰ-ға шешім шығару үшін бірнеше ай қажет.

Украина сыртқы істер министрлігінің айырықша істер жөніндегі уәкілі Антон Кориневич Гаагадағы отырысты алты жылдық жұмыстың шарықтау шегі деп атады. Оның айтуынша, бұл – халықаралық сотта Украинаның шағымы бойынша қарала басталған Ресейге қарсы алғашқы процесс.

Сотта қаралып жатқан оқиғалар 2014-2015 жылдары жасалған деп айтылады. Гаагадағы украин делегациясы өкілдерінің айтуынша, олардың қолында Ресейді жауапқа тартуға негіз беретін өзге де құжаттар бар: украин халқына жасалған «геноцид ісі», Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей омбудсменін тұтқындау туралы ордер, Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты іс.

БҰҰ халықаралық сотының шешімін екі тарап та орындауға міндетті. Ресей делегациясы «Неміс толқыны» журналистерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »