Газа секторындағы атыстан 32 адам қаза тапты
Израиль қорғаныс армиясы Газа секторында «Ислам жихады» ұйымындағы әскери командирлердің бірі Халед Мансұрдың көзі жойылғанын хабарлады.
Мансұр ұйым ұйымда лауазымы жағынан екінші тұрған қолбасшы еді. Ол топтың Газа секторының оңстүстігіндегі қызметіне жауап беретін. Жұма күні өлтірілген Тайсир әл-Жабари сектордың солтүстігіне жауапты болған. Мансұрмен бірге оның орынбасары Зияд Мадалаль мен бригада командирі Хаттаб Амасси да қаза болды.
Жексенбіге қараған түні Израиль армиясы «Ислам жихады» содырларының көзін жоюға арналған операциясын жалғастырды. Израиль 140-қа жуық нысан жойылғанын хабарлады.
Жұма күні «Таң» операциясы басталғалғалы бері Газа секторынан Израильге 580 зымыран атылған. Олардың 120-ы сектордың өзіне құлады, 200-ге жуығын израильдік «Темір қалған» зымыранға қарсы қорнаыс жүйесі ұстады. Жеңіл жараланған 28 израиль азаматы ауруханаға түсті.
Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Таң» операциясы басталғалы бері аймақта 32 тұрғын қаза болды, олардың алтауы — балалар. Қаза болғандардың дені Израильге қарай атылған, бірақ нысанға жетпей құлаған зымырандардан көз жұмған.
Дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы жанжалдың қайта ушығуына байланысты кезектен тыс жиналыс өткізеді.
newstaraz.kz