«Газпром мұнай»: Тәжікстанда бензин одан әрі қымбаттайды
Әлемде мұнай бағасы қымбаттап жатқанына байланысты Тәжікстанда жанар-жағар майдың бағасы одан әрі өседі.
Осылай деп «Газпром мұнай – Тәжікстан» компаниясы мәлімдеді. Тәжікстан бензинді негізінен Қазақстан мен Ресейден алады.
Душанбеде газ бағасы соңғы күндері 7.30 сомониден 7.80 сомониге (1 сомони -7,52 сом) өсті. Бензин және дизел отынының бағасы да өсіп жатыр.
Компания А-95 үлгісіндегі бензиннің литрі 11 сомони 10 дирамга; А-92 10 сомони 90 дирамга; солярка литрі 10 сомони 50 дирамға дейін қымбаттайды деп болжайды.
Тәжікстанға жеткізілетін бензиннің 40 пайызы «Газпроммұнай- Тәжікстан» компаниясына тиесілі.
Өткен аптада Душанбе әкімдігі 10 қарашадан бастап қоғамдық көлікке жолақысы қымбаттайтынын ескерткен.
newstaraz.kz