Германия Украинаны қолдау мақсатында қосымша 12 млрд еуро бөледі
Германия Украинаға көмекті тағы көбейтеді. Сәрсенбі күні бундестагтың бюджет комитеті Украинаға 2032 жылға дейін қосымша 12 млрд еуро бөлу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл қаржының төрттен бірін жыл соңына дейін бөледі. Бұл жөнінде комитет өкілі AFP агенттігіне жеткізген.
Қаражат тікелей Украинаға қару-жарақ жеткізуге бөлінеді.
Биыл жоспарланбаған шығындар үшін 3,24 млрд еуро бөлінбек. Қалған 8,82 млрд еуро қаражат 2032 жылға дейін бөлінеді.
Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Германия үш млрд еуро қаражат бөлген.
newstaraz.kz