Германияда төңкеріс жасамақ болған 25 адам ұсталды
Германияда 7 желтоқсанда арнайы операция жүргізіліп, елде төңкеріс жасамақ болды деген оңшыл радикал қозғалысының кемінде 25 қатысушысы ұсталған.
Арнайы операцияға үш мың күш құрылымы жұмылдырылған. Олар Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен, Төменгі Саксон, Австрияның Китцбюэл және Италияның Перудж аумағындағы 137 үйге тінту жүргізген.
«Федералды прокуратура «рейхсбюргерлер» террористер желісінің өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар конституциялық билік органдарына қарулы шабуыл жасамақ болды», — деп мәлімдеді Германияның әділет министрі Марко Бушман.
Жалпы 25 адам ұсталған. Оның 22-і террористік ұйымға мүше, үшеуі ұйымның жақтастары болды деген күдікке ілінген. Арасында Ресей азаматы та бар.
«Рейхсбюргерлер» қозғалысы 1980 жылдары құрылған. Оның мүшелері Германияны мойындамайды. Өздерін «германдық рейх» азаматтарымыз деп есептейді. Олар өзіне жоқ империяның жеке куәлігі мен жүргізу куәлігін жасап алады. Германияда бұл ұйымның кемінде 21 мың жақтасы бар деп есептелінеді.
Die Zeit басылымының мәліметінше, қастандық ұйымдастырмақ болғандардың бірі XIII Генрих – ежелгі Рейсс ақсүйектер тегінің ханзадасы болған. Бұл тектің өкілдері I Генрих династиясының негізін салушы 1253 жылы Русь королі болған князь Даниил Романовичтің немересін әйелдікке алған деп санайды.
Қозғалыс өкілдері ақсүйектің Тюрингидегі Бад-Лобенштайн аң аулайтын үйіне жиналған. Олардың әскери лидері отставкадағы неміс офицері Рюдигер фон П. болған. Ол айналасына немістердің арнайы жасағын жинаған. Ұсталғандардың арасында парламенттің ресейшіл экс-депутаттары да болған.
Bild басылымының жазуынша, олар 2021 жылдың қараша айынан бері үнемі кездесіп тұрған.
newstaraz.kz