Гонконг басшылығына Бейжіңге жақын саясаткер сайланды
Гонконг әкімшілігін қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Жон Ли басқаратын болды. Ол жексенбі күні өткен сайлауда 99 пайыз дауыс алды.
«Қытайдың өзгеше мәртебеге ие ауданы енді толық Бейжіңнің бақылауында болады», — депмәлімдеді құқық қорғаушы Натан Лоу CNN телеканалына.
Ли өкіметке қарсы акцияларды басу және қатысушыларды қуғындау ісіне жетекшілік еткен. Ол 30 жылдан бері полицияда қызмет істеп келеді.
2020 жылы Қытай Гонконгта ұлттық қауіпсіздік туралы заңды енгізген кезде, Ли оның бас атқарушысы болып тағайындалған. Жікшілдікке, терроризмге, шетелдік күштерге тыйым салатын жоба іс жүзінде оппозициялық саясаткерлерді, журналистер мен белсенділерді қуғындап келеді.
Гонконг 1997 жылы өзгеше құқықтары бар, демократияға және еркіндікке кепілдік берілген арнайы аймақ Ұлыбританиядан Қытайға қайтарылып берген.
Бірақ сөз бостандығы, адам құқығы уақыт өткен сайын шектеліп келеді. Былтыр Гонконг баспасөз еркіндігі жағынан әлемдік рейтингте 80-орыннан 148-сапқа түсті. Қала қаржылық ірі орталық, онда 7,5 миллион адам тұрады.
newstaraz.kz