Новости на Newstaraz.

Ханзада Хәрридің отбасында Лилибет есімді қыз дүниеге келді

newstaraz.kz

Принц Гарри и Меган Маркл с первым ребёнком, сыном Арчи, родившимся 6 мая 2019. Сразу после рождения он стал седьмым в порядке британского престолонаследия

Ханзада Хәрри мен оның жұбайы Меган Маркл қызы дүниеге келгенін жариялады. Ата-анасының айтуынша, қызына Лилибет деп ат қойған, қазір үйде.

Лилибет «Лили» Диана Маунтбаттен-Виндзор өткен жұма күні, 4 маусымда Калифорнияның Санта-Барбара қаласындағы ауруханада дүниеге келген.

Сассекс ханзадасы мен оның жұбайы қызына әжесі Елизавета II ханшайымның кезінде ата-анасы Лилибет деп еркелетіп айтатын есімін бергенді жөн көрген. Сәбидің екінші есімі Диана, ханзаданың анасының құрметіне қойған.

«Біз әлемнің түкпір-түкіпірінен келіп жатқан мейірімге толы құттықтауларға алғысымыз шексіз. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет!», – деп мәлімдеме жасаған Хәрри мен Меган.

Лили – ханшайымның он бірінші шөбересі және сегізінші тақ мұрагері.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ата-ананы жаңа туған сәбиімен құттықтады:

2020 жылдың 8 қаңтарында Хәрри мен Меган Instagram парақшасы арқылы король отбасына сай міндеттерін орындаудан бас тартып, тек отбасына ғана көңіл бөлгісі келетінін жариялаған.

Елизавета ханшайым немересі мен әйелінің тілегін орындайтынын айтқан. Осыдан кейін Сассекстердің король отбасынан шығатын процесстер басталып кетті.

Король отбасы (Елизавета II ханшайым, Чарльз ханзада, Уильям мен Хәрри ханзада) қатысқан бірнеше отырыстан кейін Хәрри мен Меган аса мәртебелі ханшайымның атынан басқаратын қор мен ұйымдарды түгел тапсыратын болды.

Король отбасынан толық шығу процесі былтыр 30 наурызда аяқталды. Осыдан кейін Хәрри мен Меган Instagram арқылы бұдан былай король отбасының мүшесі ретінде қолданып келген сайттарды, ұйымдарды, пайдаланбайтынын жариялады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »