Хива 2024 жылы ислам әлемінің туристік астанасы болып жарияланды
Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ)XI-сессиясы аясында Хива бірінші рет «Ислам әлемінің туристік астанасы» болып жарияланды. Бұл жөнінде Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігі мәлімдеді.
Бұл жыл аясында Хивада аталған ұйымға мүше 57 елдің жетекшілері деңгейінде шаралар, ғылыми конференциялар, семинарлар, көрме, арт-экспозициялары ұйымдастырылатын болады.
Ислам әлемінің туристік астанасы мәртебесіне бес ел — Абу-Даби (БАӘ), Шанлиурфа (Түркия), Лагос (Нигерия), Душанбе (Тәжікстан) және Хива (Өзбекстан) таласқан.
Енді Хивадағы мәдени мұра нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаладан бес жұлдызды қонақ үйлер салынбақ.
newstaraz.kz