Хорезмде жиырма жастағы қызды ұрған төрт әйел сотталды
Өзбекстанда Хорезм облысына қарасты Қушкупир ауданының соты жиырма жастағы қызды жазалау үшін ұрған бір топ әйелге үкім шығарды. Бұл туралы Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы хабарлады.
Былтырғы 9 маусымда түнде Қушкупир ауданындағы Окдарбанд ауылында тұратын төрт әйел 20 жастағы Х.О. есімді қызға шабуылдаған. Олар қызды әйелдердің бірінің ұлының отбасының шырқын бұзғаны үшін осылай жазаламақ болған.
Төрт әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушінің бұл әйелдерге ешқандай шағымы жоқ екенін ескерген сот үш әйелді 1 жыл 6 айға, төртіншісін 1 жылға соттады.
newstaraz.kz