HRW: Өзбекстан адам құқықтарына қатысты уәделерінде тұруы тиіс
Хьюман Райтс Вотч (HRW) Ташкенттен адам құқықтары саласында нәтижелі реформалар жүргізуді талап етті.
Биыл қаңтарда Өзбекстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2021-2023 жылдарда толыққанды мүшесі болып сайланды. HRW ұйымының Еуропа мен Орталық Азия жөніндегі директоры Хью Уильямсонның мәлімдеуінше, «мұндай қызметке тағайындалу Орталық Азиядағы авторитарлы мемлекетте адам құқықтары сақталған дегенді білдірмейді».
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 47 мемлекет мүше. Ол бүкіл әлемде адам құқықтарын қорғаумен және насихаттаумен айналысады.
Уильямсонның айтуынша, 2016 жылдан бері Өзбекстанда адам құқықтары мен демократия саласында елеулі өзгерістер болғанымен, бұл елде әлі де болса күрделі мәселелер жетерлік. Атап айтқан, Өзбекстан БҰҰ-ның арнайы баяндамашыларының бәріне ашық шақырту әлі жолдаған жоқ.
Уильямсон Ташкенттің БҰҰ сарапшыларының кеңестерін орындауға ұмтылуы тиіс екенін айтты. Осы айда Ташкент БҰҰ кеңесінің бес сарапшысының дін туралы заңды қайта қарау жөніндегі кеңестеріне құлақ аспады, дейді Уильямсон.
Уильмсонның айтуынша, Өзбекстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне берген уәделерін орындамай отыр. Ташкент биыл кеңесте күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелер бойынша дауыс беруден тыс қалды. Бұған қоса, Ташкент өкілі Шри-Ланка, Иран және Йеменде адам құқықтарының жағдайын тексеру жөніндегі ұсыныстарға қарсы шықты.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің вице-президенті Кеңестің басты қағидаларын қорғап, оны насихаттауы тиіс. Уильямсонның пікірінше, Ұлықбек Лапасовтың БҰҰ кеңесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалуын тойламай тұрып, Өзбекстан әуелі адам құқықтарына қатысты уәделерін орындауы тиіс.
newstaraz.kz