Хувайданың әкесі: «Өмірлік түрме жазасын талап етеміз»
Ресейдің Серпухов қаласында педофил қолынан қаза тапқан бес жастағы тәжік қызы Хувайданың әкесі Абдусалом Саидов 21 тамызда қылмыстық іс бойынша сотқа қатысу үшін Мәскеуге ұшып кетті.
Сапар қарсаңында ол қызының зиратына тағы бір мәрте барды. «Құрбан айт мерекесі күні дұғаны мен қызымның зиратының басында оқыдым. Мен Мәскеуге барып, оны өлтірген кісінің сотына қатысамын. Жендеттің тиісті жазасын алғанын көзіммен көргім келеді», — деді ол.
Тәжікстан бес жасар қызды өлтірген қылмыскердің қатаң жазалануын талап етеді
Бес жастағы Хувайдо Тиллозоданы биыл 22 шілдеде кешкісін Серпухов қаласының жергілікті тұрғыны зорлап өлтірген. Оның денесін ертесіне таңертең темір жол станциясы маңында спорттық сөмкеден тауып алды.
28 жастағы күдікті Александр Семин қамауға алдынды. Оның пәтерінен қыздың аяқ киімінің және қолдарының іздері табылған.
Еске салайық, Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі 24 шілдеде Ресейдің сыртқы істер министрлігіне бес жастағы Хувайданың аяусыз өлтірілуіне байланысты наразылық нотасын жолдаған.
Ресейде педофил қолынан қаза тапқан бес жастағы қыздың денесін Душанбеге жеткізді
newstaraz.kz