Иерусалим: 200-ден астам палестин ауруханаға жеткізілді
Палестинадағы «Қызыл жарты ай» ұйымы 10 мамырдағы қақтығыстан 300-ден астам палестин жарақат алғанын, оның ішінде 200-ден астамы ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Израиль полициясы жиырмадан астам қызметкері жарақат алғанын жеткізді. Дәрігерлер жеті бейбіт тұрғын зардап шекті дейді.
10 мамырда Иерусалимдегі Әл-Акса мешітінің жанында Израиль полициясы мен палестиналық демонстранттар қақтығысып қалған.
Төрт күннен бері Иерусалимде палестиндер мен Израиль полициясының қақтығысы тоқтамай жатыр. Бұл жолы жанжалдың тұтануына палестин отбасыларын елдің шығыснан көшіруге жол ашқан шешім себеп болған.
Соттың бұл шешіміне қарсы жетпістен астам адам жоғарғы инстанцияға шағымданған. Бұл істі Жоғарғы сот 10 мамырда қарауы тиіс болған. Бірақ тәртіпсіздікке байланысты кейінге қалдырылды.
Бұл арада ХАМАС тобы Газа секторынан Иерусалим тарапқа бірнеше зымыран ұшырды. Израиль армиясы Газа тараптан жеті ракета атылғанын, олардың бірі атып түсірілгенін мәлімдеді. Бір ракета Израильдің бейбіт тұрғынның көлігіне түсіп, одан бір адам жарақат алғаны хабарланды.
Дүйсенбіде Израиль Иерусалимның шығысына бақылау орнатқанының 54 жылдығын атап өтті.
newstaraz.kz