Илон Маск Time журналының нұсқасы бойынша Жыл адамы атанды
SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Time журналының нұсқасы бойынша жыл адамы атанды.
«Әлемдегі ең бай адамның үйі жоқ, ол жақында барлық дүниесін сатты. Ол Жер серігін орбитаға ұшырып, Күн энергиясын пайдаланып жатыр. Ол бензинді және жүргізушіні қажет етпейтін, өзі жасап шығарған көлікпен жүреді», — делінген Маскқа арналған мақалада.
Маск осыған дейін дәулеті 300 млрд доллардан асатын әлемдегі бірінші миллиардер атанған.
2020 жылы «Жыл адамы» номинациясының жеңімпаздары АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис болған. 2019 жылы Times журналының басты бетіне шведтің эко белсендісі Грета Тунберг шыққан.
Our @TIME 2021 Heroes of the Year are the Vaccine Scientists — Kizzmekia Corbett, Barney Graham, Katalin Kariko and Drew Weissman — with photographs by Mattia Balsamini. Read about their miraculous, life-saving achievement https://t.co/6XOksueDda pic.twitter.com/aLTfoeyMTj
— D.W. Pine (@dwpine) December 13, 2021
Бұдан бөлек Time журналы жыл батырларын да атады. Олар — вакцина жасау методын ойлап тапқандар Дрю Вайсман, Барни Грэм, Каталин Карико және Киззмекия Корбетт. Осы технологияның арқрасында Pfizer/ BioNTech және Moderna компаниялары COVID-19 вирусына қарсы вакцина ойлап тапты.
newstaraz.kz