Индонезияда терроризмге күдіктелген үш өзбекстандықтың бірі полициядан қашқан кезде қаза тапты
Индонезияда иммграциялық орталықтан қашып кеткен үш өзбекстандықтың бірі қаза болып, екеуі ұсталды. Бұл туралы AFP агенттігі Daily Express газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Индонезия полициясының мәліметіне қарағанда, өзбек азаматтары «Катиба ат-Таухид валь-Жихад» және «Әл-Каида» секілді террористік ұйымдарға қатысы бар деген күдікке ілініп, оларға «интернетте терроризмді насихаттады» деген айып тағылған.
Жакарта қаласы шетіндегі иммиграциялық орталықта полиция бақылауында отырған өзбекстандықтар 10 сәуірде құқық қорғау қызметкерлеріне пышақ салып, қашып кеткен. Онда бір полиция қызметкері қайтыс болып, үшеуі жараланған.
«Полиция дереу олардың ізіне түскен. Қашқындардың біреуі дарияға секіріп, батып кеткен. Екеуі ұсталған. Олар Өзбекстан консулдығы өкілдерімен кездескеннен кейін қашып кеткен. Себебі, отанында оларды өте қатал жаза күтіп тұрған», – деді полиция өкілі деді Асвин Сирегар.
Индонезияда «террористік ұйымдарға қатысы бар» және «олардың идеяларын насихаттаған» деген күдікпен Өзбекстанның төрт азаматының ұсталғаны 4 сәуірде белгілі болған.
Жергілікті полиция мәліметіне қарағанда, өзбек азаматтары биыл 24 наурызда қамауға алынған. Олар Индонезияға ақпан айында Стамбұл арқылы ұшып барған.
newstaraz.kz