Иран батыс айыптауына қарсы дрондарының «тиімді» екенін мәлімдеді
Иранның жоғарғы шенді генералы, елінің бас штабының жетекшісі Мохаммад Багери «Ресей Украинада иран дрондарын қолданып жатыр деп батыс елдері айыптаса, бұл аппараттардың тиімділігінен» деп мәлімдеді.
Киев және батыс елдері Ресейді Иранның камикадзе дрондарын қолданып, Украинаның энергетикалық инфрақұрылымдарын атқылап жатыр деп айыптаған.
«Бұл айыптаулардың бәрі жалған. Бұл тек Иран шығаратын дрондардың тиімділігін көрсетті», — деді Мохаммад Багири Иранның «Тасним» жаңалықтар агенттігіне берген сұқбатында.
Иран Ресейге қару-жарақ бергенін теріске шығармады. Тегеран дрондарды Ресей Украинаға басып кірген ақпан айына дейін жібергенін айтқан.
Батыс елдері осы үшін Иранның әскери мүшелері мен бірнеше компанияларына санкция салды. Оның ішінде генерал Багери де бар.
newstaraz.kz