«Исламның қайта дамуы» партиясының негізін қалаушының немересін әскерге күштеп әкеткен
Тәжікстанда тыйым салынған «Исламның қайта дамуы» партиясының негізін қалаушы Саид Абдулло Нури немересін әскерге мәжбүрлеп әкеткенін айтады.
21 жастағы Хабибулло Саидов Бохтар қаласындағы Носири Хисрава атындағы мемлекеттік университеттің химия-биология факультетінің үшінші курсында оқып жүрген. 23 сәуірде полиция қызметкерлері оны ұстап, әскери комиссариатқа алып кеткен.
Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметіне Германияда тұрып жатқан ағасы Абубакр Нури хабарлаған. Оның сөзінше, Хабибулло студент ғана емес, отбасындағы жалғыз асыраушы. Оның әкесі Нусратулло Саидов, Саид Абдулло Нуридің інісі шетелден күмәнді ақша алады деген күдікпен биыл қаңтар айында ұсталған. Хабибулло Нусратулло Саидовтың үлкен ұлы.
Тәжікстанда көктемде әскерге шақыру маусымы басталған. Жыл сайын осы мезгілде жастарды әскерге мәжбүрлеп әкетіп жататын оқиғалар жиі кездеседі. Жастар әскерге барғысы келмейді. Себебі, онда зорлық-зомбылық көп. 2015 жылдан бері ресми мәлімет бойынша әскерде 10 сарбаз қайтыс болған.
newstaraz.kz