Кабул мешітінде жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты
Забихулла Муджахид
Ауғанстан астанасы Кабулде «Идгах» мешіті аймағында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Мужахид мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, жарылыс болған маңдағы мешітте Мужахид қайтыс болған анасына құран оқытып жатқан.
«Бүгін түстен кейін Кабулдағы «Идгах» мешітінің кіреберісінде адамдар жиналып тұрғанда бомба жарылды. Бірнеше адам қаза тапты», — деп жазды «Твиттерге» Забиулла Мужахид.
Тәліптер құрған үкімет құрамындағы ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сайед Хости жарылыстан екі адам қайтыс болып, тағы екеуі жараланғанын растады. Ол бұл оқиғаға байланысты үш адамның ұсталғанын хабарлады.
Tolo News телеканалы тілшісінің мәліметіне қарағанда, жарылыстан сегіз адам қайтыс болып, 20-сы жарақат алған.
Осының алдында «Талибан» қозғалысының баспасөз хатшысы Забиулла Мужахиддин 3 қазанда марқұм анасына арнап «Идгах» мешітінде құран оқылатынын «Твиттер» арқылы жариялаған.
Әзірге бұл оқиғаға ешкім жауапкершілік алмады.
newstaraz.kz