Кабулдан АҚШ әскері кеткеннен кейін бірінші рет шетелдіктер ұшып шықты
Взлёт последнего самолёта ВВС США из Кабула
Бейсенбі күні Кабулдан АҚШ әскері толық шығып кеткеннен кейін, бірінші рет ұшақ ұшты.
«Талибан» қозғалысының жаңадан жасақталған үкіметі 200 шетел азаматына ұшып кетуге рұқсат берген. Олардың тең жартысы АҚШ азаматтары. Ұшақ Катар астанасы Дохаға ұшқан.
Америкалық әскер Кабул әуежайынан 30 тамызда ұшып кеткен. Америка әскері 120 мың адамды шығарып алған.
«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда қалып қойған шетел азаматтарына елден кетуге кедергі келтірмейміз деп уәде берген.
Әзірге Ауғанстанды басып алған тәліптер билігін ешбір ел мойындамай отыр. Бірақ батыс елдері, сонымен бірге Орталық Азия елдерінің басшылары диалогқа дайын екенін айтып келеді.
newstaraz.kz