Канада Ресейдің 14 азаматы мен 34 ұйымына санкция салды
Канада Ресейдің 14 жеке тұлғасы мен 34 заңдық тұлғасына қарсы санкция салды. Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Джастин Трюдо Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесуден кейін өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
Санкцияға «Вагнер» жеке әскери тобы мен оның басшысы Евгений Пригожин ілінген. Сонымен бірге «Конкорд менеджмент и консалтинг», «Волга-Днепр» компаниялары бар. Бұдан бөлек Беларусь қаржы секторына қатысы бар тоғыз кәсіпорын кірген. Жеке тұлғалардың ішінде Татарстан басшысы Рустам Минниханов пен қорғаныс министрі орынбасары Николай Панков бар.
Трюдо Украинаға 21 мың автомат пен 38 пулемет және 2,4 млн оқ-дәрі жіберетінін мәлімдеді.
Биыл ақпан айында Канада Ресейдің 129 азаматы мен 63 компаниясына санкция салған.
newstaraz.kz