Новости на Newstaraz.

КЕСАРЬ ТІЛІГІМЕН БОСАНҒАН АНА КӨЗ ЖҰМДЫ: НӘРЕСТЕ АМАН

newstaraz.kz

Алматы облысында кесір тілігімен босанған келіншек көз жұмды. Құрсағындағы баласына 8 айлық болғанда әйел өзін жайсыз сезініп, Текелі қаласындағы перзентханаға жедел-жәрдеммен жеткізілген екен. Дәрігерлер шақалақты аман алып қалғанымен, анасының ертесі күні демі үзілген. Ал, марқұмның ата-анасы болса бұған дәрігерлерді кінәлауда. Ақ халаттылардың уәжі қандай? Жас келіншекті ай-күні жетпей босандыруға не себеп болды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ГҮЛБАНУ МҰХАМЕДЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Шопатайым-ау, құлыным-ау…. Құдайым-ау, бір емес, артында екі баласы қалды ғой… Бүйрегі отказ берді, — дейді. Жап-жас қой, қалай оның бүйрегі отказ береді? Если ол, ешқашан ауырмаса, бүйрегімен ешқайда учеттта тұрмаса». Қапыда қызынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан отбасы әлі есін жия алар емес. Шолпан Мұқанованың босануға ай-күні де жетпепті. Іштегі сәбиіне 8 ай болған екен. Тек, 14 қаңтар күні сәл ауырыңқырап тұрғандықтан, жедел жәрдем шақырған едік, — дейді анасы. ГҮЛБАНУ МҰХАМЕДЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ: «Үйден кеткенде қызым сап-сау, 130 давлениямен, сөйлеп, аман-есен кеткен болатын. 8:40-та больницаға екеуміз бірге кірдік. Мен бірге кірдім. Одан кейін мені ары қарай кіргізбей қойды. Кеш батқан кезде ғана айтты. Осылай аяқасты этот давлениясы көтеріліп кетті. Отслойка планцета болды. Біз срочно операция жасадық, — деді. Қызымды аяғында өлтірді. Мен осы Текелі қаласының ғана дәрігерлерін кінәлаймын». Ал, дәрігерлердің айтуынша, бала жолдасының толық ажырауына байланысты шұғыл түрде кесер тілігін жасауға тура келген. Осылайша, нәрестені іштен аман алып шыққан. Алайда, отадан кейін анасының жағдайы күрт нашарлаған көрінеді. ЕЛЕНА ЦЕЛИЩЕВА, ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Біз бәріміз аман алып қалуға тырыстық. Бұл біздің басты міндетіміз. Мұндай потологиямен облыстық перинаталдық орталыққа жіберу керекпіз. Бірақ, ана мен бала өміріне қауіп төнгендіктен, шұғыл әрекет етуге тура келді. Ал, келіншектің жағдайы қиындаған соң, облыстан мамандар шақырттық. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Келесі күні гемодиализ аппаратына жатқызу үшін Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жібердік». Облыстық ауруханаға жеткізгенімен, жас келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір бұл жағдай бойынша, арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүріп жатқан көрінеді. Марқұмның ата-анасы қорытынды шешімді күтіп отыр. Кінәлілер анықталса, қатаң жазалауды талап етпекші. АЙДАР ӘЛИБЕКОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ: «Енді осындай жағдайды басқа біреулердің басына бермесін деп, бұл істі адвокатқа беріп отырмыз. Кінәлілердің жазалануын талап етеміз». Осылайша, дүние есігін ашпай жатып, жетім қалған нәрестені бірер күнде перзентханадан шығармақ. Ал, үлкен ұлы болса, анасы мен інісінің жолдарын тосып жүр.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »