«Кінәсі жоқ». Петербург метросындағы жарылыс бойынша сотталған өзбек әйелінің тағдыры (видео)
2017 жылы болған Санкт-Петербург метросындағы жарылыс ісі бойынша 20 жылға сотталған 49 жастағы өзбекстандық Шохиста Каримованың кінәсі жоқ. Бұл туралы қылмыстық істің материалдарымен танысып шыққан Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Елена Бабинцева мәлімдеді.
Ол Каримовамен екі жыл бойы интернетте жазысқаннан кейін оның ешқандай кінәсі жоқ екенін айтады.
«Мен оның кінәсіз екеніне күмәнім жоқ! Шохистамен танысқан екі жылдан бері оның психологиялық портретін түзіп, қылмыстық істің барлық материалдарымен толық танысып шықтым. Бұдан бөлек жарылысқа қатысты видео материалдарды көріп, көптеген қарама-қайшылықтарды байқадым. Одан кейін сот үкімін оқып шықтым. Онда да дәл келмейтін тұстап көп екен», — деді ол.
Прокуратура Каримованы террористерге мобилдік телефонымен қолдануға рұқсат берген деп айыптаған. Ұзаққа созылған сот процесі кезінде Шохиста кінәсін мойнына алған емес.
Facebook әлеуметтік желісінде «Шохиста Каримованы қолдау тобы» бар. Адвокаттар оның ісі Страсбургдағы Адам құқықтары бойынша жоғарғы сотқа жетеді деген үмітте. «Мемориал» құқық қорғау орталығы Каримова «саяси негіздермен қамалғанын» мәлімдеген.
2019 жылы Петербург метросында жарылыс бойынша Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан барған 11 мигрант ұзақ мерзімдерге сотталған. Тергеу барысында айыптаушылардың азапталғанын, сот бұған көңіл бұрмағаны бірнеше рет айтылған.
Қырғызстанда туылып, кейін Ресей азаматтығын алған Аброр мен Акром Азимовтарға бұл істің аясында терроризм бойынша және қару-жарақ сақтау айыбы тағылған. Сот отырысы кезінде олар да тергеу барысында азапталғанын айтқан.
2017 жылы 3 сәуірде болған Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан 16 адам қаза тауып, 103 адам жарақат алған.
newstaraz.kz