Кристиан Ласслет: Ташкент мэрінің компаниялары мемлекет есебімен байыды
Мэр города Ташкента Джахонгир Артыкходжаев.
Ағылшын профессоры, Орталық Азия мен Еуропа елдеріндегі жемқорлық пен клептократия жөніндегі кітаптардың авторы Кристиан Ласслет Ташкент мэрі Жахонгир Артықхожаевтың мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты.
16 ақпанда журналистермен кездестен Артықхожаев «астана мэрі болып тұрған уақытта мемлекет бюджетінен бір тиын алмадым» деп мәлімдеген.
Кристиан Ласслет бірнеше жылдан бері Артықхожаевтың бизнес империясын зерттеп жүр. Оның пікірінше, «Артықхожаев Ташкент басшысы болып тұрған уақытта мемлекеттен тиын алмаған шығар, алайда онымен байланысы бар ондаған компания тендерсіз миллиондаған қаражаттың келісім-шарттарына ие болып отыр».
«Бұған көптеген құжат дәлел бола алады. Жолдар, көпірлер, мектептер және Tashkent city секілді ірі құрылыс жобаларына қатысқан компаниялардың құжаттарын тексерсеңіз, солардың бәрінің артында астана мэрі Жахонгир Артықхожаев тұрғанын көруге болады. Соған сүйене отырып, Артықхожаев қызметін компанияларын байыту мақсатында пайдаланатынын түсінеміз», – дейді Ласслет.
Ташкент мэрі әрі сенатор Жахонгир Артықхожаев негізін қалаған Akfa пен Artel компаниялары Өзбекстанда құрылыс пен тұрмыстық техника өндірісі салаларындағы монополистке айналды. Дегенмен Артықхожаевтың қанша ақшасы бары әзірге белгісіз.
newstaraz.kz