Новости на Newstaraz.

Le Figaro: Әблязов ісі — Тоқаев пен Макрон кездесуінің негізгі тақырыбы

newstaraz.kz

Франциялық Le Figaro газеті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен Францияда тұратын қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің айналасындағы жағдайды талқылайды деп жазды.

28 қарашада жарияланған мақалада «Қазақстан мен Франция қарым-қатынасында шатасқан сот ісі бар, сол сот ісі сейсенбіде Елисей сарайында өтетін Макрон мен Қазақстанның жақында ғана қайта сайлаған президенті Тоқаев кездесуінің негізгі тақырыбы болады. Бұл – Франциядан саяси баспана алған олигарх Мұхтар Әблязовтің ісі» деп жазды.

Басылым оқырмандарына Әблязовті таныстыра келе, «Қазақстан билігі оны Люксембург, Сейшель аралдары және Британиялық Виргин аралдарындағы 600 жалған компания арқылы 7 млрд доллар жымқырды деп айыптайды» деп жазды.

Le Figaro Қазақстан мен басқа елдер Әблязовті экстрадициялауға тырысқанын, ол 2009 жылы Қазақстаннан қашып Лондонға барғанын, Англияда сотқа тартылып Францияға қашқанын, 2013 жылы Канны да қамалғанын, 2020 жылы Франциядан саяси баспана алғанын да атап өткен.

Le Figaro газетінің жазуынша, 2021 жылы желтоқсанда Франция Әблязовті саяси босқын мәртебесінен айырған, қазір ол Францияда апелляциялық сотты күтіп жатыр.

Газет Қазақстан мен Франция қарым-қатынасына «теріс әсер етіп жатқан» іс Франция билігін бірнеше жылдан бері «алаңдатып келеді» деп жазады.

«Тоқаевпен кездесуде Макронның алдында үлкен міндет тұр» дейді басылым.

«Қазақстан үшін Қазақстан көмірсутектің сенімді көзі саналады. Бұған қоса, Франция атом электр станциясын сатуды көздейді» деп жазады франциялық газет.

Басылым Макрон бас ауруға айналған Әблязов ісіне байланысты Қазақстанмен қарым-қатынастың «жаңа парағын аша ма, ол жағын Рождествоға таман білеміз» дейді.

  • Бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов Қазақстаннан кеткенге дейін БТА банкті басқарған. Қазақстан оны миллиардтаған долларды жымқырды деп айыптайды. Әблязов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, бұл істің саяси астары бар дейді. Астана ол құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын «экстремистік» деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент ҚДТ қозғалысын «бейбіт оппозициялық ұйым» деп атайды.
  • 26 қарашада екінші рет президент қызметіне кіріскен Тоқаев 28 қарашада Францияға келген. Бұл сапарының алдында ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен еді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »