Ливан аумағынан Израильге зымыран ұшырылды
Израильдің батыс бөлігіне Ливан тараптан зымыранмен атқыланды. Осыған дейін Израиль полициясы мен палестиналықтар Ал-Аска мешіті жанында қақтығысып қалған.
Израиль басылымдары Ливан тараптан шамамен 30 зымыран атқыланғанын, олардың жартысынан астамы атып түсірілуі мүмкін болғанын жазды. Ақпаратқа қарағанда, екі адам жараланған.
Әзірге бұл атқылаулар үшін ешкім жауапкершілік алмады.
5 сәуірде Израиль полициясы Ал-Акса мешіті айналасындағы еврейлердің кешеніне кіру кезінде палестиналықтармен қақтығысып қалған. Бұл оқиға мұсылмандардың Рамазан айында және еврейлердің Песах мейрамын атап өтіп жатқан күндерге сәйкес келген.
newstaraz.kz