Лукашенко Ресеймен бірге Украина шекарасы маңында әскери оқулар өткізетінін мәлімдеді
Биыл ақпанда Беларусь шекарасының батысы мен оңтүстігінде, яғни Польша мен Украина шекарасында, Ресей мен Беларусь әскери күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Александр Лукашенко хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, Украина Беларусь шекарасына жақын маңда күш жинап жатыр.
Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путин бірлескен әскери оқулар өткізу туралы шешімді былтыр желтоқсанда қабылдаған. Дүйсенбі күні оның мазмұны мақұлданды. Лукашенконың айтуынша, оқулардың мақсаты — Батыс («Прибалтика мен Польша») күштері мен «оңтүстік» (Украина) күштерге қарсы тұру. Бұл туралы БелТА агенттігі хабарлады.
Belarus announced joint drills with Russia to be held in February aimed against Polish, Lithuanian and Ukrainian military build-up. Lukashenko: "Ukraine keeps concentrating its radical nationalists from the National Guard next to our border. They are even worse than NATO troops". pic.twitter.com/ESGkccZnDh
— Tadeusz Giczan (@TadeuszGiczan) January 17, 2022
Бірлескен оқулар өтетін уақыт әлі анықталған жоқ. Әскери оқулар «Союзная решимость – 2022» деп аталады.
Батыс елдері барлауының мәліметінше, Украина шекарасына жақын маңда Ресейдің шамамен 100 мың жауынгері шоғырланған. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әскери күштердің шоғырланғанын жоққа шығармады, бірақ көрші елге шабуылдау ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
newstaraz.kz