Новости на Newstaraz.

Лукашенко: соғыстың басында Путин Қырымға қатысты келіссөзге дайын болды

newstaraz.kz

Беларусьтың авторитарлы басшысы Александр Лукашенко «Россия 1» телеканалының жүргізушісі Ольга Скабееваға берген сұқбатында былтыр наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин Қырымның мәртебесі жөнінде Украинамен келіссөз жүргізуге дайын болды деді.

Лукашенконың сөзінше, Путин оған делегация өкілдерімен келісілген Украинамен бейбіт келіссөз жөніндегі жобасын берген. Құжатта аннексияланған Қырымды «ұзақ мерзімге жалға алу» мен Донбассты Түркияда өтетін Ресей мен Украина басшылары арасындағы келіссөзде талқылау ұсынылған.

«Егер Ресей бұл құжатты қазір оқыса, жынданып кетер еді. Себебі бұл Ресейге тіптен де пайда әкелмейтін еді. Бірақ Ресей келіскен еді», — дейді Лукашенко.

Бейбіт келісім жөніндегі жоба туралы Украина президенті кеңсесінің бұрынғы кеңесшісі Алексей Арестович айтты. Оның сөзінше, 2022 жылдың көктемінде орыс армиясы көп шығындалғаннан кейін, Ресей бұрынғы талаптарынан бас тартқан, оның ішінде Қырым мен Донбассты бақылау да кіреді. Ол талаптардың ішінде Украина қарулы күштерінің санын 50 мың адамға дейін қысқартып, Украинада орыс тілі мәртебесін екінші мемлекеттік тіл деңгейінде енгізу болды.

Арестовичтің сөзінше, келіссөз жүргізетін тараптар Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындалып жатты. Бірақ соңғы сәтте Украина президенті Ресеймен келіссөз жүргізуден бас тартты. Оған басты себеп болған — Буча қаласындағы қайғылы оқиға, ондағы азаптап өлтірілген бейбіт тұрғындар.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, орыс және украин делегациясы біраз уақыт Беларусь және Түркияда келіссөз жүргізді.

Стамбұлда кездесу кезінде алдын ала келісілген құжатқа сәйкес, Украина НАТО-ға кіруден бас тартуы қажет және Қырым мәртебесін шешуді кейінге қалдырылады. Бірақ бұл құжаттарға қол қойылмады.

Сәрсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Александр Лукашенконың Қырымға қатысты айтқанын теріске шығарды. «Жоқ, олай емес. Қырым — Ресейдің бір бөлшегі, бұл ресейлік аумақ», — деді Песков.

Былтыр Киев облысындағы Буча қаласын Ресей басып алып, бір айдай ұстап, кейін Украина әскері азат еткен. Буча қаласынан азаптап өлтірілген жүздеген адамның денесі табылды. Бұл оқиғаның тірі куәгерлері де болды. Украина Ресейді әскери қылмыс жасады деп айыптады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »