Мәскеу полициясы төбелеске қатысты деп 11 мигрантты ұстады
Мәскеу орталығындағы Машков көшесінде Қырғызстан және Өзбекстаннан келген мигранттар жанжалдасып қалған. Олардың бәрі көше тазалаушылар болған.
ТАСС агенттігі хабарлағандай, полиция жалпы 11 адамды ұстаған. Олардың жетеуі — қырғызстандық, төртеуі — өзбекстандық. Оқиға бойынша «ұсақ бұзақылық» бойынша іс қозғалған.
Агенттік мәліметінше, қырғыз мигранттары жердегі қарды күреп бітіп қалғанда, өзбек мигранттары ғимарат шатырындағы қарды түсіріп жіберген. Бұл жанжалға себеп болған.
Ресми мәлімет бойынша, Ресейдегі қырғыз мигранттарының саны 750 мыңға жуық. Ресми емес мәлімет бойынша, олардың саны бір миллионнан асып кетуі мүмкін.
newstaraz.kz