Мәскеу жыл соңына дейін Украинадан әскерін шығармайтынын мәлімдеді
Кремль биыл Украинадан әскерін шығармайтынын жеткізді. «Бұл жөнінде мүлдем сөз жоқ», — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей билігінен Рождествода әскерін шығаруды талап еткен.
Дмитрий Песковтың сөзінше, Украина «осы уақытқа дейін болып жатқан шындықты қабылдауы тиіс». Бұған байланысты ол өзін өзі жариялаған «ДХР және «ЛХР», Херсон мен Запорожье облыстарында референдум өткенін айтып, Ресейде «жаңа субъектілер пайда болғанын» жеткізді.
АҚШ және әлемнің көптеген елі, БҰҰ Украинада Ресей өткізген референдум нәтижесін мойындамайды.
newstaraz.kz