Мәскеуде кәсіпкерлерге шабуыл жасады деп айыпталған 8 тәжік азаматы сотталды
Мәскеуде жергілікті кәсіпкерлерге қарулы шабуыл жасады деп айыпталған Тәжікстанның сегіз азаматы 8,5 жылдан 16 жылға дейін сотталды.
Бұл туралы ТАСС агенттігі Мәскеу облыстық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. Тәжікстандықтар жазасын қатал режимдегі түзету колониясында өтейді.
Ақпаратқа сәйкес, сот айыпталушылардың алтауы қарулы банданың мүшесі болғанын анықтағанын, олар Мәскеу мен Подмосковье аймағында кәсіпкерлердің үйлерін тонаумен айналысып келгені айтылған.
Шабуыл кезінде олар қару, газ және травматикалық құралдар пайдаланған. Жалпы зиян көлемі 11,5 млн рубльді құраған.
Ресейде өте ауыр іспен ұсталған тәжікстандықтар өздеріне қарсы жалған іс қозғалғанын, тергеу кезінде азаптауға тап болатынын айтып келеді.
newstaraz.kz