Мәскеуде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген тәжік мигранттарына үкім шықты
Мәскеу соты астана метросында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген екі тәжікстандыққа үкім шығарды. Оқиға 17 ақпанда «Тульская» метросында болған.
Сот шешіміне сәйкес, 18 жастағы Умар Расулжонзода 3,5 жылға, оның ағасы, 21 жастағы Саидакрам Хамроев 2,5 жылға сотталды.
Тергеу мәліметінше, 17 ақпанда ағайынды Хамроевтарды полиция қызметкерлері тоқтатып, олардың кім екенін анықтау үшін, полиция бөлімшесіне жүруін талап еткен. «Біреуі қарсылық танытқан. Екіншісі сол кезде әдейі полиция қызметкерінің аяғын шалып, басынан ұрған. Екеуі қашып кеткен», — делінген.
Бірақ сотталушылардың туыстарының айтуынша, полиция оларды тоқтатқан кезде, Саидакрам құжатты не үшін тексеріп жатқанын сұраған. Полиция қызметкерлеріне бұл сұрақ ұнамай, оларды полиция бөлімшесіне жүруін талап еткен. Сол жерде бір полиция өкілі Саидакрамның сынған қолын қайырған.
Бұл оқиға әлеуметтік желідегі тәжік сегментінде үлкен наразылық туғызған. Көбі полиция қызметкерлерінің қатыгездігін айыптаған.
newstaraz.kz