Мәскеуде төбелескен қырғыз және тәжік мигранттары депортацияланады (видео)
Мәскеудің «Кузьминки» метро станциясының жанында төбелеске қатысқан мигранттар Ресейден шығарылады. Бұл туралы Мәскеу қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады.
«Төбелеске қатысқан шетелдік азаматтар Ресей аймағынан күштеп шығарылады. Оларға әкімшілік айыппұл салынып, бірқатарын өлкеге қайта кіргізбеу туралы шешім қабылданады», – деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.
Жалпы полиция төбелеске қатысқан деп 103 адамды ұстаған. Оларға «Шетел азаматтарының Ресейде жүру ережелерін бұзу» және «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша қаулы қабылданған.
Ресей ақпарат құралдары 11 шілдеде болған төбелесте Қырғызстанның екі азаматы пышақталғанын жазған. Полиция төбелеске қатысқандарды қуып тарқатқан, жүзге жуық адам ұсталған.
Әлеуметтік желілерде адамдарды ұстау кезінде түсірілген видеолар жарияланды.
newstaraz.kz