Новости на Newstaraz.

Мұхтар Тайжан: Халықтың ұстанымы айқын, жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

newstaraz.kz
Фото: dalanews.kz.

Жер мәселесі бойынша 75 адамнан тұратын комиссияның құрамына енген белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан аталған мәселеге орай өз пікірін білдірді деп хабарлайды dalanews.kz.

«Достар, неге уайымдайсыздар? Комиссияда олар көп, біздікілер аз деудің жөні бар ма? Комиссияның құрамы 75, әлде 175 болса да айырмашылығы шамалы! Себебі көпшілік – ол халықтың өзі! Ал халықтың ұстанымы айқын: шетелдіктерге жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды, болды. Біз соны қағазға шығарып, заң қылып, бекітіп алуымыз керек. Біздің миссиямыз сол ғана», — дейді саясаткер.

Похожие статьи

Мұхтар Тайжан өзінің еш уайымсыз отырғанын алға тартты.

«Мен мысалға мүлдем уайымсыз, сабырлы болып отырмын. Бұл комиссияда жалғыз өзім (ал, жалғыз емесім белгілі, жанымда халықтың сөзін сөйлейтін жігіттер бар) болсам да, көпшілік біз жақта екенін жақсы білемін. Олар да мұны жақсы біледі», — деп жалғастырды ол.

Саясаткер халықты тым ерте уайымдамауға шақырды.

«Біз халықтың өте қарапайым ұстанымын ұстаймыз. Себебі біздің артымызда Сіздер тұрсыздар – халық, жер, әруақтар, бала-шағамыз. Астанада болсам да осында байланыста боламыз ғой. Сондықтан тым ерте уайымдамаңыздар. Бәрі де жақсы, ойдағыдай болады!», — деп түйді Тайжан.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »