Новости на Newstaraz.

Мәскеу Душанбеге қару-жарақ берді

Ресей бірнеше күн бұрын Тәжікстанның Вахдат қаласындағы әскери бөліміне қару-жарақ берді деп хабарлайды Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализода.

Оның сөздерінше, Тәжікстанға Т-72Б1 танктері, БТР-80 және БТР-70, БМП-2 техникалары, Ми-24, Ми-8 тікұшақтары, Д-30 гаубицалары табысталған. Зениттік құрылғылар, беренді техникаға бөлшектер, байланыс құралдары, топографиялық құрылғылар, тылға қажет мүліктер мен өте көп атыс қарулары да бар.

Ресейлік БАҚ тың хабарлауынша, Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал-лейтенант Александр Кшимовский «бұл әскери техника тәжік-ауған шекарасындағы террорлық қауіп-қатерге тосқауыл болуға көмектеседі» деген.

Биыл Ресей тарапы Тәжікстанға 122 миллион доллардың қару-жарағын берген. Ресейлік генерал әскери құрылғылар тегін, әскери-техникалық көмек аясында беріліп жатқанын айтқан. «Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың саяси жігерінің арқасында мұндай шара іске асты» дегенді де ескертіп өткен.

Ресейлік сарапшылар тараптар арасындағы Тәжікстанға әскери тікұшақтар беру туралы келісім 2012 жылы жасалғанын айтады. Ресей Тәжікстан мен Қырғызстанның қорғаныс қабілетін күшейту үшін 70 миллиард доллар беруге келіскен. Бұл елдерде ресейлік әскери базалар да орналасқан.

centralasian.org

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »