Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда НТС телеканалы кеңсесіне сот орындаушылары келді (видео)

newstaraz.kz

Қырғызстандық НТС телеарнасына сот орындаушылары келіп, компания мүлкін бұғаттау туралы сот ұйғарымын таныстырды. Бұл телеарна саясаткер, президенттікке кандидат болған, Жогорку Кенеш депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі деп сипатталады.

Похожие статьи

Желіде тараған видеолардың бірінде телеарна қызметкері Каныбек Асанкарыуулы сот орындаушылары әкелген сот ұйғарымын оқып тұр.

— Міне, үшінші бөлім: істі қарап, сот шешімі шыққанға дейін жауапкерге жылжымалы мүлікті, телерадиотаратуға арналған телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалануға тыйым салынсын, — деп оқиды телеарна қызметкері.

Ал журналист Азиат Жекшеев «жергілікті уақытпен 17:00 шамасында өздерін милиция қызметкерлеріміз, сот орындаушыларымыз деп таныстырған бірнеше адам келіп, сот ұйғарымын көрсетті» дейді.

— Олар ғимаратты және кеңседегі мүлікті тізімдеуге келгендерін айтып, эфирді тоқтатуымызды сұрады. Біз басшыны күттік. Ол заңгермен бірге келген болуы керек. Қазір бұл жағдайды анықтап жатыр. Ешқандай құрылғыны сыртқа шығартпай жатыр [сот орындаушылары -ред.]. Біздің тілшілер сырттағы түсірілімдерге шыға алмай қалды, — дейді журналист.

НТС телеарнасының ғимаратына барған Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшілері кеңсеге кіре алмаған. Журналистерді милиция өткізбеген.

Бұл оқиға туралы Қырғызстанның Бас прокуратурасы да, ІІМ де, МҰҚК да Азаттыққа еш ақпараты жоқ екенін хабарлады. Жоғарғы сот телеарнаны жабу туралы сот өкімі қашан, қандай инстанцияда шыққанын анықтап жатқандарын айтқан.

НТС телеарнасының үстінен сотқа шағым түсірген «Grexton Capital LTD» компаниясының өкілі Елена Дзимидович жағдайды төмендегідей түсіндіруге тырысқан.

НТС телеарнасы «Республика» партиясының жетекшісі, Жогорку Кенеш депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі екені белгілі. Телеарна заңды түрде ОсОО болып тіркелген.

Бұған дейін, биыл қарашаның бірінде НТС компаниясының құрамына кіретін «Санжыра» радиосы хабар таратуды тоқтатқан. Қарашаның 4-інде Қырғызстанның Бас прокуратурасы «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айыппен Бабановтың үстінен қылмыстық іс қозғаған.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »