Новости на Newstaraz.

Маңғыстауда қаңғыбас иттер қорадағы малды түгел қырып кеткен

newstaraz.kz

Иттердің шабуылы, әсіресе соңғы 2 аптада көбейіп кеткен.

Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары қаңғыбас иттер мал мен адамға шабуыл жасап жатыр деп дабыл қағуда, деп хабарайды Қазақпарат.

Бүгін көшеде қараусыз босып жүрген иттер осы елді мекендегі Бақыт Ердәулетовтың қорада тұрған 5 қой, 2 ешкісін қырып кеткен.

«Таңертең қораға қарай бара жатсам, айналасында қаңғыбас иттер толып жүр. Жүрегім зу ете қалды. Қораға қарай жүгірдім. Қойларым қырылып жатыр. Бәрі өлген. Жалғыз біздің қораға емес, осыдан 3-4 күн бұрын осындай оқиға болды деп естігем. Қазір облыста малдар құтырумен ауыруда. Содан қорқамын. Иттерге де жұққан болса, балаларға мен адамдарға зияны тие ме деп», — дейді Бақыт Ердәулетов.
Шаруа иесі жергілікті әкімдікке барып, мән-жайды айтыпты. Мал дәрігері, депутаттар, ауыл әкімінің орынбасары қораға келіп, шығынның өтелмейтінін айтқан.

Похожие статьи

Тек мал құтырып не ауырып өлген жағдайда ғана өтемақы беріледі екен. Енді Бақыт Ердәулетов бұралқы иттердің көзін жоюды сұрайды. Қазір жергілікті әкімдік пен полиция қызметкерлері бұралқы иттерді аулауға кіріскен.

Түпқараған ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Аманқос Жұмағазиевтың айтуынша, арнайы комиссия да құрылған.

Ауыл тұрғындары осыған дейін 40-қа тарта қой-ешкінің өлгенін айтты. Тіпті, бала мен әйелді тістеп алған.

Иттердің шабуылы, әсіресе соңғы 2 аптада көбейіп кеткен.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »