«Мадина ісі»: Тәжікстанда аудан прокурорының орынбасары қызметтен алынды
Душанбе қаласы Сино ауданы прокурорының бірінші орынбасары Сухроб Салимзода қызметтен алынды. Ол «Мадина ісі» бойынша күдіктіге рақымшылық жасау жөніндегі құжатқа қол қойған.
Бұның алдында, 2 қарашада Сино ауданы милициясының басшсы Зафар Исмоилзода қызметтен кеткен.
Озоди радиосы дереккөздерінің хабарлауынша, Салимзоданың қызметтен алынуына «Мадина ісінің әділетсіз тергелуі» себеп болған.
Сухроб Салимзода — Тәжікстанның бұрынғы бас прокуроры Шерхон Салимзоданың немере інісі.
«Мадина ісінің» дұрыс қаралмағаны 2 қарашада президент Эмомали Рахмон өткізген жиналыста сыналды. «Мемлекет басшысы соққыға жығылған әйелдің ісін дұрыс қарамаған құзырлы орғандарды қатаң сынады», дейді дереккөз.
32 жастағы Мадина Мамаджонова 25 тамызда жоғалып кетіп, ертесіне түнде ес-түссіз күйде ауруханаға түскен.
Кейін мәлім болғандай, қызды оның әріптесі Лутфулло Давлятовтың әйелі Азиза Давлятова азаптаған. Ол күйеуін Мадинадан қызғанған делінеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары осы іске қатысты күдіктінің он күннен кейін рақымшылық алғанын сынады.
1 қарашада Азиза мен оның күйеуі Лутфулло Давлятов ұсталды.
newstaraz.kz