«Манас» әуежайының тағы бір басқарма төрағасы ұсталды
17 ақпанда «Манас» халықаралық әуежайы» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Мұрат Примбердиев ұсталды.
Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Примбердиев халықаралық әуежайдағы жемқорлық қылмысына қатысты іс аясында ұсталды.
Бұның алдында әуежайдың бұрынғы басқарма төрағасы Эмир Чукуев пен «Компания Манас Менеджмент» фирмасының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Белеков қамауға алынған. Бішкек қаласының бұрынғы басшысы Албек Ибраимовқа да айып тағылған.
Мұрат Примбердиев уақытша тергеу изоляторына түсті. Тергеу жүріп жатыр.
Примбердиев «Манас» әуежайының басқарма төрағасы қызметіне 2019 жылғы маусымда тағайындалып, былтыр қазан оқиғасынан соң өз еркімен қызметтен кеткен.
Бас прокуратураның хабарлауынша, әуежай басшылары шетел компанияларына негізсіз жеңілдіктер беріп, сол арқылы мемлекет бюджетін 12 млн доллар немесе 893 млн сом шығынға батырған.
newstaraz.kz