Мирзияев: Өзбекстанда инвестиция көлемі 42 млрд долларға жетті
Өзбекстан президенті 27 ақпандағы жиналыста 2023 жылы елдегі инвестиция көлемі 42 млрд долларға жетті деп мәлімдеді.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы салалас бағдарламалар аясында шетелден 31 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылған. Инвестицияны игеру нәтижесінде 5 жылда өндіріс көлемі 1,4 есеге, экспорт 1,5 есеге артқан.
Биыл шетелдің 11 миллиард доллар тікелей инвестициясын игеру жоспарланып отыр. Соның арқасында инвестиция көлемі 42 миллиард долларға жетеді.
Президенттің хабарлауынша, алдағы 5 жылда экономиканың тұрақты өсуі үшін өнеркәсіпті 1,5 есеге арттырып, экспортты 30 миллиард долларға жеткізу көзделген. Бұл үшін 120 миллиард доллар инвестиция, соның ішінде шетелдің 70 миллиард доллар инвестициясы қажет.
2022 жылғы мамырда Дүниежүзілік банк Өзбекстан басқа елдерден кем дегенде 30 жыл артта қалып қойғанын анықтаған.
newstaraz.kz