Мирзияев Конституция күні қарсаңында 182 сотталушыға рақымшылық берді
Конституция күні қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «істеген қылмысына шынайы өкінетін және тура жолды таңдаған» 182 сотталушыға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл жөнінде Мирзияев Конституция күні қарсаңында отандастарын құттықтау сөзінде айтты.
Баспасөз мәлімдемесінде рақымшылық жасаған 182 адамның ішінде саяси және діни көзқарасы үшін сотталғандар бар ма, жоқ па, айтылмаған.
Осының алдында Өзбекстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 215 тұтқынға рақымшылық жасалған. Олардың ішінде 69 шетел азаматы мен тыйым салынған ұйымға мүше болды делінген 15 адам бар.
newstaraz.kz