Новости на Newstaraz.

Мьянмада наразылықты басу кезінде 38 адам қаза болды, арасында балалар да бар

newstaraz.kz

Мьянмада билікті басып алған әскерилерге қарсы наразылықты басу кезінде сәрсенбі күні кемінде 38 адам қаза болды. Бұл ақпаратты БҰҰ да растады.

Би-Би-Си сайты 3 наурызды әскери төңкерістен кейін тұтанған наразылықтан бергі ең қанды күн деп атады.

Ақпаратқа қарағанда, қарулы күштерге бағынатын полиция бірнеше қалада (Янгон, Мандалай, Мьинджан т.б) демонстранттар тобына оқ атқан. Қаза болғандардың кемінде екеуі — жасөспірім.

Мьянмада 1 ақпанда әскери төңкеріс болған. Ізінше жаппай наразылық тұтанып, наразылар ұсталған саясаткерлерді қамаудан босатуды да талап еткен. Қамалғандар арасында қараша айындағы парламент сайлауында жеңіске жеткен Демократияшылардың ұлттық лигасының жетекшісі Аун Сан Су Чжи де бар. Әскерилер оның партиясын сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптайды. Олар сайлау комиссиясының бұрынғы мүшелерін таратып, бір жылдан соң жаңа сайлау өткізбекші.

БҰҰ-ның Мьянмадағы арнайы уәкілі Кристин Шранер Бургенердің мәліметінше, әскери төңкерістен кейін бір айға созылған наразылық кезінде 50-ден астам адам қаза болған. Бір күн бұрын көрші мемлекеттер Мьянманың әскери басшылығын күш қолданбауға шақырған.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »