Новости на Newstaraz.

«Нұр Отан» Павлодар облыстық филиалы 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі жанды қабылдады

newstaraz.kz

Кеше «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер жеке мәселелері бойынша өз өтініштерін айтып келді.

Осы ретте әр сәрсенбіде партияның Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық есік күні өткізілетінін атап өткен жөн. Барлық мәселе құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің, заңгерлердің, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қаралады.

«Аналар есірткіге тәуелділікке қарсы» ҚҚ-ның өкілі Зоя Нагих пен «Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Тұрсын Мананбаева аталған іс-шара аясында 30-дан астам адамды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға халық көбіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жер телімдері мен баспана бөлу және тағы басқа мәселелер бойынша өз өтініштерін айтып келеді. Отыздан астам өтініштің тек бір бөлігі ғана қарау сатысында. Ал мәселенің басым көпшілігі жедел шешіледі.

Гүлнәр Сыздықова қабылдауға оң аяғына белдігі бар компенсаторлы аппарат протезін сатып алуға көмек сұрап келді. Оны өз қаражатына сатып алуға қалтасы көтермейді.

Похожие статьи

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ондай протездердің Шығыс Қазақстанда және Павлодарда жасалатынын анықтады. Қазіргі таңда аталған мәселе қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп шешілуде.

«Партия өкілдерінің қажыр-қайратының арқасында бұл мәселе 90 пайызға дейін өз шешімін тапты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты осындай өзге де мәселелерді қысқа мерзімде шешу жұмыстары партияның жіті бақылауында», – дейді «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Анықтама:

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында партияның Павлодар облыстық және аумақтық филиалдарында 900-ден астам адамды қамтыған 852 азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Соның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер мен әкімдер орынбасарлары – 119, мемлекеттік және құқық қорғау органдары жетекшілері – 270, ҚР Парламент Мәжілісінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттары – 412, сондай-ақ, басқа да ұйым және қоғамдық бірлестіктер өкілдері 51 қабылдау өткізді.

Nur.kz

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »