Новости на Newstaraz.

ОҚО-да 70 жастағы қария өзінен отыз жас кіші орыс қызға үйленді (фото)

0

Наталья және Қалықұл. Фото: zamana.kz

ОҚО-да оңалту орталығында тұратын 70 жастағы ақсақал жақында шаңырақ құрды деп хабарлайды Замана басылымы.

Негізінен Оңалту орталығын қаңғыбастар мекен­дей­ді. Олардың көпшілігін маскүнемдікке салынғандар мен түрмеден шыққан соң баратын жерлері жоқтар құрайды. Дегенмен араларында бұл топтың екеуіне де жатпайтын, бірақ барар жері жоқ адамдар да бар екен. Өзінің денсаулығы да, үй-жайы да жоқ болғандықтан осы жерден пана тапқандардың бірі – Наталья Николаева.

Жасы қырықтан енді ас­қан Наталья жалғыздық Құдайға ғана жарасқан деп, осындағы Қалықұл Шәріпов­тің етегінен ұстағанды жөн көріпті. Екеуі жуырда үйленген. Мекеме басшылығы жас жұбайлардың құрметіне жеке бөлме берген.

Яғни өзін дұрыс ұстап, қоғамдық белсенділігі артқандарға алдағы уақытта да мұндай жағдайлар жасалады екен. Тіпті биыл төрт адам бұл жерден түзеліп шығып, жұмыс­қа да орналасып кеткен.

«Мен Қазығұрт ауданының «Жұмысшы» ауылынанмын. Әйелімнен ажырасқаныма 30 жыл болды. Руым – Оймауыт. Жасым 70-ке келді. Былтыр 40 жасында дүние сал­ған Зұлпыхар Сұлтанмұратовты көпшілік білетін шығар. Зұлпыхар «КВН»-ге шығып жүрді. Аз уақыт «Базар жоқта» да ойнады. Сол – менің жалғыз ұлым. Баламмен де көптен бері араласпай кеткенбіз. Осында жүргенде Наталья жалғыздық қажытқанын айтып маған үйлену туралы ұсыныс жасады. Сүйіп қалса керек. Мен келісімімді бердім. Осы жерде некемізді қиғыздық. Бір отбасы болғандықтан зейнетақымды қолына ұстатамын, өзі сақтайды. Кейде киноға барамыз. Жаздың күндері саябақта да қыдырдық. Екеуміздің 50 мың теңге зейнетақымыз бар. Бұл жерде төсек-орын таза, тамағымыз тегін. Сонда да үй болса қалаға бөлек шықсақ деп армандап жүрміз. Бірақ 50 мың теңге неге жетеді, сол жағы бізді ойландырады», — дейді Қалықұл Шәріпов.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.