Новости на Newstaraz.

ОҚО-да тұтас бір ауыл суға кетуі мүмкін

newstaraz.kz

Басшылардың бетон плиталарын орнатуын «суға кеткен тал қармайдыға» балаған жұрт су астында қалмасақ болды деп үрейленіп отыр.

Оңтүстік Қазақстанда тұтас ауыл суға кетуі мүмкін. Байырқұм ауылының Сырдарияға жақын орналасқан үйлеріне өзен тым жақын қалған. Өзен арнасының өзгеруі себебінен бір үйдің сарайы мен моншасы қазірдің өзінде суға кетіпті, деп жазады otyrar.kz.

Дарияның үйлерге санаулы метрлер қалғанын айтып жергілікті тұрғындар шу көтеруде. Олардың пікірінше жарты жыл ішінде өзен аңғары жүз метрдей ауылға жақындапты. Алайда, билік тым бейқам. Жұрттың даурықпауын сұрап, дәл қазір ешқандай қауіп жоқ деп отыр.

Сыр бойында орналасқан Байырқұм ауылындағы жұрт үреймен күн кешіп жүр. Себебі, өзен арнасы соңғы бірнеше ай ішінде ауылға қарай екпіндей бұрылыпты. Жұрттың айтуынша жарты жыл бұрын ғана қазір су басып жатқан өзен орнында тоғай болған екен. Қазір ол жер дарияның арнасына айналған.

Похожие статьи

Нұрсұлтан Нұржан, Байырқұм ауылының тұрғыны: «Жарты жылда 100 метр кетіп қалды. Мынау құздап келе жатыр. Көктемде су толады. Ертең тау басынан қар еріген кезде мына Сырдың биіктігі көтеріледі. Сол кезде мына жардың бәрі құлап келе жатыр. Осыдан қорқамыз біз. Мынау Байырқұм ауылының шетіне жақындап қалды. Алдыңғы жағы құлап жатыр».
Көзінің мүгедектігі бар ерлі-зайыпты Махановтар отбасы арнасы бұрылған дарияның алғашқы құрбандығына айналды. Ауылдың өзенге ең жақын шетінде орналасқан олардың сарайы мен моншасына қауіп қазан айында төнген екен. Дарияның моншасына бар-жоғы бір адымдай ғана қалғанын айтып ауыл мен аудан әкімдігіне барған.
Тек, жүрдім бардым тексерген атқамінерлер қауіп жоқ деп қайтарыпты. Араға екі күн өтер-өтпес моншасы мен сарайы опырылып суға кеткен. Ал, күніге опырылып жатқан жар мен үй арасы қазір 25 метрдей ғана.

Раушан Махан, Байырқұм ауылының тұрғыны: «Екі балам далаға шығамын деп жар басына құлап кетсе мен не істеймін? Бүгінде қорқыныш қаумалап, ұйқыдан айырылдық».
Алдын қауіп жоқ деп селқостық танытқан билік енді Махановтар отбасына ауыл ішінен жер береміз деп отыр. Бірақ, екі жеткіншегі бар мүгедектер отбасының үй салатын да жағдайы жоқ. Жалпы, Байырқұмда өзен бойына жақын орналасқан 30-дан аса үй бар екен. Су деңгейі көтерілсе жарты жыл өтпей-ақ суға кету қауіпі төніп тұр. Бірақ, әкім-қаралар тым жайбарақат.

Мұрат Әлетбаев, Байырқұм ауылының әкімі: «Бүгінгі таңда ешқайсысына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған кісінің сарайына қауіп төніп, сарайы құлады. Ол қауіпті болатын болса халық өздері тұр ғой айтсын. Бірақ, біз бұны алдын ала қам жасап, төтенше жағдайлар департаментіне шығып, сметасын жасатып жатырмыз. Құдай қаласа мынаны тоқтатуымыз керек».
Биліктің есебінше үйлерді сақтап қалудың жалғыз амалы ол жағалауға бетон плиталар төсеу екен. Қазір, Сыр бойының 300 метрін бетондауға жоғарыға тапсырыс берілген. Бірақ, атқамінерлердің жоспары тым күмәнді сияқты. Себебі, 12 жыл бұрын жағалауды ұстайды делініп, жағаға төселген бетондар қазір су астында жатыр.

Басшылардың бетон плиталарын орнатуын «суға кеткен тал қармайдыға» балаған жұрт су астында қалмасақ болды деп үрейленіп отыр. Қорқыныштысы сол дарияның тез опырылып жатқан жағалауына ауылдағы жалғыз мектеп те жақын орналасқан. Бар-жоғы 350 метрдей екен. Байырқұмдықтар өзен дәл қазіргідей кете берсе 2 жыл болмай одан да айырыламыз ба деп қауіптенеді.

Бек Әбиев

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »